{metadescription}
Індет кезінде  күйзеліске түспеудің жолы қандай: психологтар кеңесі

Індет кезінде  күйзеліске түспеудің жолы қандай: психологтар кеңесі

Індет - бұл адам үшін үшін күрделі сынақ.

Әсіресе, үнемі күйзеліс пен алаңдаушылық кезінде көңіл-күйге салмақ салатыны бар. Осы ретте елордалық психологтар карантин және оқшаулану кезінде өз рухани күйіңіз бен ішкі сезіміңізді қалай сақтау керектігі жөнінде кеңес берді.

«Мұндай жағдайда адамға өзінің көңіл-күйін бақылауда ұстау қиын болып жатады. Дегенмен, оны басқаруды үйрену және позитивті арнаға түсе білу өте маңызды. Мұны үйреніп алған адам өзінің көңіл-күйі мен денсаулығын жақсарта алмақ», - деді елордадағы №9 емхананың психологы Таисс Дуквагаева.

Психологтар ақпарат көздерін сүзгіден өткізіп, соңғы ақпараттарды тек ресми мемлекеттік органдардан алуға кеңес береді. Бұл ретте ақпараттар ағынына бой алдырып кетпей, жаңалықтардан, әлеуметтік желіден назарды басқа жаққа аударған жөн, деп жазады ҚазАқпарат. Өз өмірің, қуанышты сәттерің жайлы ойлану керек.

«Уақытыңызды отбасыңызбен өткізіп, жақындарыңызбен әңгімелесіңдер. Әдеби кітап оқуға да көңіл бөлген дұрыс. Сүйікті фильмдеріңізді көріңіздер. Сүйікті музыкаңызды қосып, көтеріңкі көңіл-күймен үй шаруасымен айналысыңыздар», - деп кеңес береді мамандар.

Күйзелістен арылу үшін таңертең аздап жүгіріп, тыныс алу жаттығуларын жасау да маңызды. Күнделік жүргізіп, оған өзіңнің ойыңды, қуанышың мен ренішіңді түртіп отыру да шабыттанудың жақсы тәсілі саналады.

«Нақты факті бойынша «дәл қазір әрі осы жерде« не болып жатқанына назар аударып, алдағы уақытқа алаңдаушылық танытпаңыз. Бұқара арасында, әлеуметтік желіде тарап жүрген өсек-аяңға еш уақытта сенбеңіз. Адамдардың пікірлеріне де еріп кетпеу қажет. Егер сіз ақыл-ойыңызды таза сақтап қала алсаңыз, онда ұрыста жартылай жеңіске жеттіңіз деген сөз», - деді Таисс Дуквагаева.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.