{metadescription}
«Қазақстанның Еңбек Ері» өмірден өтті

«Қазақстанның Еңбек Ері» өмірден өтті

«Қазақстанның Еңбек Ері», «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаев дүние салды.

Сайрамбай Әлімқұлұлы Дөненбаев 1965 жылы 1 сәуірде Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Алғабас совхозы, Жарлысу бөлімшесінде дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы Жарлығымен «Тәуелсіздікке 10 жыл» мерекелік медалімен, 2003 жылы Ел Президентінің 8 желтоқсандағы жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы Жарлығымен «Тәуелсіздікке 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

2012 жылы «Парыз» медалімен, 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталса, 2012 жылы 13 наурызда ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен, 2013 жылғы 31 қазанда «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. 2014 жылы 7 ақпанда «Ұлт даңқы» орденін кеудесіне тақты. 

«Шәушен» шаруа қожалығы «Парыз-2012» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша күміс жүлдегер атанды. 2018 жылы «Қазақстанның Еңбек Ері»  атағын алды.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық дамуына ерекше үлес қосқаны үшін, аса белсенді қызметі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік - «Алтын Жұлдыз» бен «Отан» орденінің иегері.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.