{metadescription}
Бейжіңде коронавирустың таралуы бәсеңдеді

Бейжіңде коронавирустың таралуы бәсеңдеді

Бейжің қаласының 6 шағын ауданында эпидемиологиялық қатер деңгейі орташадан төменге дейін бәсеңдеді.

Дегенмен, қалада коронавирустың таралуына қатысты эпидемиологиялық тәуекел деңгейі жоғары қалып отырған бір елді мекен бар. Соңғы ресми деректерге сәйкес, Бейжіңде коронавирус таралуының 22 «орташа тәуекел аймағы» қалып отыр. Өткен жексенбі күні Бейжің Үкіметінің баспасөз хатшысы Сюй Хэцзянь астанада COVID-19 коронавирус инфекциясынның алдын алу және бақылау саласындағы жалпы жағдай тұрақталып жақсарғанын атап өткен болатын. Дегенмен, оның айтуынша, індеттің таралу қаупі әлі де бар. Бірақ, ол бақыланатын шекте тұр.

Бейжің Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтеріне қарағанда, 11 маусымнан бастап 4 шілдеге дейінгі аралықта қалада коронавирус жұқтырудың нақтыланған жаңа 334 жағдайы тіркелген. Оның 47 пайызы «Синьфади» көтерме базары қызметкерлерінің арасынан шығып отыр. Бейжің билігінің коронавирус тасымалдаушылармен байланысты адамдарға қатаң бақылау жүргізіп отырғандығына қарамастан олардың кейбірі оқшаулану ержесін бұзып, вирустың таралуын қаупін арттыра түсуде. Ал бұл мұндай оқиғаларды эпидемиологиялық тергеуге жұмылдырылған Бейжің қызметтеріне жүктемені арттыратындығы белгілі.

Айталық, өткен аптада Бейжіңде оқшаулану ережесін бұзған жас қызға байланысты оқиға қоғамда үлкен наразылық туындатқан болатын. Кейіннен ол бойжеткеннен коронавирус инфекция табылған еді. Эпидемиологиялық тергеу барысында аталған қызбен тығыз байланыста болған 200-ден астам анықталды. Олардың 66-сы медицина қызметкерлері, 47-сі сауда үйлерінің бірінің қызметкерлері, 15-і такси жүргізушісі екендігі белгілі. Қазірі уақытта бойжеткенмен байланыста болған адамдардың бәрі оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.

Жексенді, 5 шілде күні Ішкі Моңғолия автономды ауданының Баян-Нур қалалық округының денсаулық сақтау ісі жөніндегі комитеті аталған округте оба індетінің таралу қаупіне байланысты 3-деңгейлі ерте ескерту режимін жария еткен болатын. Бұл режим 2020 жылыдң соңына дейін қолданыста болады.

Баян-Нура медициналық билігінің мәліметтеріне сәйкес, сенбі, 4 шілде күні жергілікті ауруханаға без түйіні обасына шалдығу күдігімен бір пациент түскен. Осыған байланысты Баян-Нур әкімшілігі жергілікті тұрғындарды жеке гигиенаны сақтауға обаның табиғи ошақтарына жоламауға, обаға тән симптомдар білінген жағдайда медииналық көмекке жүгінуге шақырып отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде