{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев видеоүндеу жасады

Нұрсұлтан Назарбаев видеоүндеу жасады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан ауырып жатқан қазақстандықтардың барлығына аман-есен жазылып шығуына тілекші екендігін білдірді.

«Қадірменді халайық! Бәріміз де қиын кезеңді бастан кешіріп жатырмыз. Бүкіл дүниемен бірге көріп жатқан нәрсе бұл. Мен ол қиыншылықтарды өз басымнан өткіздім. Осы кезде жанашырлық білдірген барлық жерлестеріме, отандастарыма шын көңіліммен тағы бір ризашылығымды айтқым келеді. Сіздердің Қазақстанның әр саласынан, әр түкпірінен, әрі өнеркәсіптен, мәдениеттен, спорттан, денсаулық сақтау жүйесінен маған айтып жатқан тілектеріңіздің арқасында күш-қуат алып, емделіп шықтым. Көп рахмет. Қазір де сырқаттанып жатқан, қиналып жатқан жандар бар. Солардың баршасы аман-есен шығады деп сенемін. Себебі оған сену керек. Көнбеу керек, жеңу керек. Біз одан күштіміз деп санасаңыздар барлығын жеңеміз. Біз көп нәрсені жеңіп келе жатқан батыр бабалардың ұрпағымыз. Құдай бұйыртса, бұдан да өтеміз», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде