{metadescription}
Танымал дизайнер Берік Исмаилов көз жұмды

Танымал дизайнер Берік Исмаилов көз жұмды

Көпшілікке белгілі дизайнер Берік Исмаилов қаза болды.

Қаралы хабарды әріптестері хабарлады. Бұл туралы желіде Рахман Омар мәлімдеді. 

"Алтын ағам-ай... Ажал қасымызда екенін тағы дәлелдеді... Жақсы адамдар кетіп жатыр. Неге??? "Сен сұлу" бағдарламасында бірге жұмыс істеп едік. Маңайына, істеген ісіне адал еді. Жаның пейіште шалқысын, алтын ағам...", - деп жазды Рахман Омар.

Желідегі көпшілік қазаға қайырлы болсын десіп, көңіл білдіріп жатыр. Белгілі стилист, дизайнер Берік Исмаилов карантин уақытында авторлық маскаларын тігіп, тегін таратқан еді. Маскаларын көп балалы аналарға, мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларға үлестірді. 

Берік Ысмайылов 1962 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, "Берік Ысмайылов" авторлық сән салонының директоры. Омбы политехникалық институтының, Мәскеудегі Любовь Красникова — Аксенева авторлық мектебінің түлегі.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде