{metadescription}
Теміртауда балалар үйінен ұл бала жоғалып кетті

Теміртауда балалар үйінен ұл бала жоғалып кетті

Теміртау қаласында орналасқан SOS балалар ауылынан 14 жасар тәрбиеленуші жоғалып кетті.

Жасөспірімді полиция және әскери бөлімше қызметкерлері іздестіріп жатыр. 4 шілдеде Теміртау қалалық полиция бөліміне SOS балалар ауылынан 14 жасар тәрбиеленуші қашып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

«Жасөспірімді іздеу жұмысына Теміртау қалалық полиция бөлімінің қүрамы, Ұлттық ұлан әскерилері және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылды. Бала әзірге табылған жоқ», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

SOS балалар ауылы басшылығының айтуынша, олардың қамқорлығындағы 14 жасар Артём Сенько тәрбиешілердің басқа балаларға көңіл аударғанын пайдаланып, қашып кеткен. Жасөспірімнің бойы - 146 см, үстінде сұрғылт-қара күртеше болған. Баланы көргендер болса, бірден 102 нөміріне хабарласқаны жөн.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде