{metadescription}
Енді үйден шықпай-ақ дәрігерден кеңес алуға болады

Енді үйден шықпай-ақ дәрігерден кеңес алуға болады

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардан үйде қалуын сұрайды.

«Аурудың алғашқы белгілері байқалғанда, учаскелік дәрігерден кеңес алу қажеттілігі туындаған жағдайда мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай, ҚР электрондық үкімет порталында алуға болатынын естеріңізге саламыз: емханаға тіркелу, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру. Онлайн көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша нұсқаулықты назарларыңызға ұсынамыз», - делінген хабарламада. 

еGov порталындағы жеке кабинет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу
жөніндегі нұсқаулық: https://youtu.be/P2HU4QNHWwo

Телеграм арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі нұсқаулық:
https://youtu.be/djnc63TTVRA

Facebook арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі нұсқаулық:
https://youtu.be/bB35O9WTGmY

Вконтакте арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі нұсқаулық:
https://youtu.be/gSNksIcwJy8

Өзін-өзі оқшаулау және басқа да алдын алу шараларын сақтау коронавирустық инфекцияның таралуын тежеуге мүмкіндік береді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.