{metadescription}
Бурабай жағажайлары карантинге жабылды

Бурабай жағажайлары карантинге жабылды

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық паркінің жағажайлары жабылды.

"Ақмола облысында коронавирус инфекциясына байланысты қатаң шектеу шаралары енгізілгендіктен, "Бурабай" паркінің жағажайлары жабылды", - деп хабарлады ұлттық парктің баспасөз қызметі.

Шектеу шаралары өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған уақытқа дейін енгізіліп отыр. 

"Қоғамдық жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағу керек", - деді парк әкімшілігі.

Еске сала кетсек, Қазақстанда мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап екі аптаға қатаң карантин енгізілді.



 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.