{metadescription}
Солтүстік Қытайда бубон обасы таралып жатыр

Солтүстік Қытайда бубон обасы таралып жатыр

Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономды аймағында мал өсірушіге бубон обасы диагнозы қойылды.

Бұл туралы Баян-Нұр қалалық округінің денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді. Бубон обасына шалдыққан науқас ауруханаға жатқызылғаннан кейін, Хошун, Урад-Чонгчи аймақтарында эпидемиологиялық ескерту жарияланды. Жергілікті билік аурудың таралу қаупі бар екенін ескертті. Тұрғындарға жабайы аңдарды аулауға тиым балды. 

Баян-Нұр қалалық денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, оба жұқтырған ауыратын науқас бұрын бұл ауру кең таралған аймақта болған. Қазір ол оқшауланып, емделуде. Науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланады. 2 шілдеде батыс Моңғолияда обаның екі жағдайы тіркелді деп хабарланды. Аурудың көзі толық піспеген ет болуы мүмкін.

Бубон обасы - бұл егеуқұйрықтар мен басқа жануарларда тұратын бүргелер қоздыратын бактерия тудыратын ауру. Оба - өте қауіпті инфекция. XIX ғасырдың аяғына дейін оба іс жүзінде емделмеді, одан көз жұмғандар саны 95% жетті. Он төртінші ғасырда ондаған миллион адам Еуропадағы оба індетінің құрбаны болды. Түрлі бағалаулар бойынша Еуропа құрлығындағы халықтың 60% -ы қайтыс болған.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.