{metadescription}
Дәрігерлерге тағы да сыйақы беріледі

Дәрігерлерге тағы да сыйақы беріледі

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қай санаттағы дәрігерлердің айлығына үстемеақы қосылатынын айтып берді.

«КВИ бойынша симптомсыз пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемеақы қарастырылмаған. Себебі олардың пациенттері ауруды аса таратпайды деп есептеледі. Сонымен бірге емдеу хаттамасына сәйкес оларды үйлеріне барып емдеудің еш қажеттігі жоқ. Яғни олар пациенттермен телефон арқылы ғана сөйлесе береді», - деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, емханалар мен инфекциялық ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлерге келтірілген зиян үшін үстемеақы беру қарастырылғанын жеткізді.

«Емханалардың көбі провизорлық стационарларды әзірледі. Дәрігерлер осылайша вирус ошақтарына барып, үйлерді аралай бастады. Бұл мәселені қазір Денсаулық сақтау министрлігі қарап жатыр. Үстемеақы болады», - деді Ажар Ғиният.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.