{metadescription}
Министр коронавирустан емделетіндердің басты қателігін атады

Министр коронавирустан емделетіндердің басты қателігін атады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үйде коронавирустан емделіп жүрген азаматтарға кеңес берді.

"Бүгінде әлеуметтік желілерде жалған рецепттер көп. Біздің азаматтарымыз соған имандай сенеді де, ауруханада қабылдайтын дәрілерді үйде отырып ішеді. Ал ондай препараттарды дәрігерлер қадағалап жүруі тиіс. Себебі ондай дәрілердің әсері қатты, ауруды асқындырып жіберуі мүмкін. Ондайда адамның жағдайы нашарлап кетеді", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, симптомсыз науқастар жиі қателік жасайды. Олар ПТР-тесттің оң нәтижесін алғаннан кейін дүрбелеңге салынады. Коронавирустың анық симптомдары болмаса да, антибиотиктерді қабылдай бастайды.

"Ондай науқастар психологиялық үрейге салынады да, антибиотиктің бірнеше түрін ішеді. Дене қызуы болмаса да, температураға қарсы дәрі қабылдайды. Дәруменді артығымен ішеді. Олай істеуге болмайды. Аурудың нақты симптомдары болса ғана дәріні ішу керек. Регламент бар. Сонда амбулаториялық деңгейде, яғни үйде қандай дәрі ішуге болатыны жазылған", - деп атап көрсетті Цой.

Министрдің сөзіне қарағанда, кейбір адамдар сәл жөтел пайда болса, "Алувия" сияқты препараттарды интернеттен іздей бастайды. Сөйтіп, заңсыз дәріні тауып, үйде ішеді. Ал ондай препарат басқа органдарға салмақ түсіреді. Оны бақыламаса, адамның денсаулығы, керісінше, нашарлап кетеді. 

"Осы іспетті дәріні қабылдағанда қанды және тағы басқа симптомдарды қатаң бақылап отыру қажет. Әйтпесе, бүйрекке, бауырға салмақ түсіп, жағдай одан да нашарлап кетуі әбден мүмкін", - дейді Цой.

Министр әлеуметтік желідегі сан алуан ақыл-кеңестерден бұрын ресми ақпаратқа көбірек мән беру қажеттігін жеткізді.

"Қазіргі кезде біз қарапайым жадынамаларды әзірлеп қойдық. Бұдан бөлек, емдеу схемалары да біздің ресми сайтымызда жарияланады. Сонда емдеу шараларына қатысты нақты ақпарат болады", - деді Цой.

Дереккөз: Sputnik
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.