{metadescription}
Ішкі істер вице-министрі елордадағы отшашуға қатысты пікір білдірді

Ішкі істер вице-министрі елордадағы отшашуға қатысты пікір білдірді

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди елордадағы отшашуға қатысты пікір білдірді.

«Егер біз бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын орындамасақ, онда Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекс бойынша бас дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін жауапкершілік бар. Ереже бұзушылық бойынша жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылған басты құжат – бас дәрігердің қаулысы. Қаулыда отшашу ұйымдастыруға тікелей тыйым жоқ», - деді Алексей Калайчиди.

Ол сонымен қатар отшашуды тамашалауға шектеудің де жоқтығын, оны тамашалау барысында бірде-бір адам жазаланбағанын мәлім етті. Бұған дейін Алексей Калайчиди елімізде дәрі-дәрмекті заңсыз сатуға қатысты 17 жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

«Дәрі-дәрмекті қымбатқа сататындар Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің 426-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша жеке адамдарға 70 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік нысандарға 1 000 АЕК айыппұл салынады», - деді сондай-ақ Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.