{metadescription}
Қостанай соты баласын қоқысқа тастаған әйелге ешкім күтпеген үкім шығарды

Қостанай соты баласын қоқысқа тастаған әйелге ешкім күтпеген үкім шығарды

Сотта әйел нәрестенің тірі туғанын білмегенін айтты.

Ол баланы өлді деп ойлап, қоқыс жәшігіне тастап кеткен. Қостанай соты 2019 жылдың соңында жаңа туған сәбиін қоқыс контейнеріне тастап кеткен әйелге қатысты үкім шығарды. Алғашында бұл іс "Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі" бабы бойынша қаралды. Алайда 7 шілдеде Қостанайдың №2 соты 27 жастағы әйелге "Баланы абайсызда өлтіріп алу" бабы бойынша үкім шығарды.

Сот босану кезінде патологиялық ауытқу болғанын анықтады. Босанған әйел сәбиді өлі туды деп қателескен. Сондықтан іс басқа бапқа ауыстырылды. Қостанай қаласының тұрғыны 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді. Сот оның қарамағында екі кішкентай бала бар екенін ескеріпті.

2019 жылдың 23 қарашасында Қостанайда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесі табылған болатын. Дәрігерлер жаңа туған баланың қоқыс контейнерінде жатқанын, оның басында пакет болғанын айтты. Нәресте клиникалық өлім халінде табылған. Дәрігерлер тірілтуге тырысқанмен, нәтиже шықпады. Жаңа туған нәрестенің денесі мәйітханаға жеткізілді.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде