{metadescription}
Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды

Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды

Танымал қазақстандық актер Дархан Дайырбек қайтыс болды.

Суыт хабарды әлеуметтік желіде актердің әріптестері хабарлады. Дархан Дайырбек шілденің 7-нен 8-не қараған түні өмірден озды. Нұртас Адамбай әлеуметтік желідегі парақшасында актердің жақындарына көңіл айтты.

"Бүгін түнде керемет актер қайтыс болды. Біздің студиямыз Дархан Дайырбектің жақындарына қайғырып көңіл айтады. Дархан өте көңілді әрі мейірімді еді. Сомдаған рөлдеріңіз бен жұмысқа, адамдарға деген қарым-қатынасыңыз үшін Сізге рахмет. Иманды болыңыз", - деп жазды Адамбай.

Бұған дейін актермен бірге ауруханада жатқан журналист Жарылқап Қалыбай өзінің Facebook парақшасында жазба жариялаған болатын. Ол Дархан Дайырбектің 6 күннен бері жансақтау бөлімінде жатқанын айтқан еді.

Театр және кино актері Дархан Дайырбек 1968 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған. "Ограбление по-казахски", "Сүрбойдақ", "Келинка Сабина-2", "Әкім", "Құдалар", "Жених на пять дней" және "Досье тамады" фильмдеріне түсті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде