{metadescription}
ДДҰ коронавирустың ауа арқылы берілуі мүмкін екенін жоққа шығармады

ДДҰ коронавирустың ауа арқылы берілуі мүмкін екенін жоққа шығармады

ДДҰ-ның берілу қаупін бағалаудағы мұндай өзгерісі адамдар арасындағы 1 метр қашықтықты сақтау жөніндегі қазіргі ұсынысына әсер етуі мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауа арқылы коронавирустың таралуын жоққа шығармайды. Бірақ ол әлі де зерттеуді қажет ететінін мәлімдеді. COVID-19 вирусының берілу жолдары туралы мәліметтерді қарауға шақырған 200-ден астам ғалымның үндеуіне ДДҰ өкілдері жауап берді.

"Біз COVID-19 вирусының ауа арқылы берілу мүмкіндігі туралы айтып отырмыз", - деді ДДҰ-ның COVID-19 пандемиясы жөніндегі техникалық жетекшісі Мария Ван Керхов.

Ұйым бұған дейін вирус жұқтырған адамның мұрнынан және аузынан шыққан кішкене тамшылар арқылы тез тарайтынын мәлімдеген болатын. Ал ДДҰ-ның инфекцияның алдын алу жөніндегі техникалық жетекшісі Бенедетта Аллегранци коронавирустың ауа арқылы берілуінің дәлелі бар екенін айтқанымен, түпкілікті қорытынды жасауға әлі ерте екенін атап өтті, деп жазады sputniknews.kz.

"Адамдар көп жиналатын жабық әрі нашар желдетілетін қоғамдық орындарда вирустың ауа арқылы берілу мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Алайда, дәлелдер жиналып, түсіндірілуі керек және біз бұл істі жалғастыра береміз", - деді ол.

ДДҰ-ның берілу қаупін бағалаудағы мұндай өзгерісі адамдар арасындағы 1 метр қашықтықты сақтау жөніндегі қазіргі ұсынысқа әсер етуі мүмкін. Бұған дейін екі жүзден астам ғалым Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ашық хат жазып, SARS-CoV-2 коронавирусымен күресу жөніндегі ұсыныстарды тез арада қарауға шақырған болатын. Олардың мәліметі бойынша патогеннің адамдарға ауа арқылы жұқтыруы мүмкін екендігіне дәлелдер жеткілікті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде