{metadescription}
Дәрігер үй жағдайында қолдануға болмайтын дәрілерді атады

Дәрігер үй жағдайында қолдануға болмайтын дәрілерді атады

Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева коронавирус инфекциясы табылған науқастарға үй жағдайында қалай ем алу қажет екенін айтты.

"Ауру белгілері жоқ және ауру белгілері аз науқастар үйде емделіп жатыр. Соған сәйкес, олар өз күшімен ем қабылдауда. Үйде емделіп жатқан науқастарға вирусқа қарсы, бактерияға қарсы, тромбозға қарсы дәрімен емделудің қажеті жоқ", - деді маман.

Айтуынша, үйде емделіп жатқан науқастар көп сұйықтық пен С және D дәрумендерін ішуі тиіс.

"Дене қызуы көтерілген жағдайда температураны түсіретін парацетамол және ибупрофен секілді дәрі ішуі қажет", - деді Қарабаева.

Сонымен қатар маман С дәруменін көп мөлшерде қолдану бүйрек ауруы, несептас ауруының күшеюіне алып келетінін ұмытпау керек екенін айтты.

"Егер бұлшықеттің ауруы, әлсіздік, бас ауруы, жөтел, кеуде тұсы ауырып, дене қызуы 38 градустан жоғары болса, дәрігерге қаралып, пневмонияның асқынуын болдырмау қажет", - деді маман.

Оны анықтау үшін компьютерлік томография немесе кеуде тұсына рентген жасалады. Коронавирус инфекциясының белгілері жоқ науқастар мен ауру белгісі аз науқастарға вирусқа қарсы дәрілерді қабылдаудың қажеті жоқ. Себебі оны стационар жағдайында тек дәрігер тағайындайды.

"Коронавирус пневмониясы – вирус этиологиясындағы пневмония. Ондай жағдайда бактерияға қарсы дәрілер қолданылмауы қажет. Қазір үйде емделіп жатқан науқастардың антибиотиктің көптеген түрін қолданып жатқанын көріп отырмыз. Бұл олардың жақсаруының орнына, жағдайды асқындырып жіберуі мүмкін. Антибиотиктер иммунитеттің қалыптасуына жауап беретін ішек микрофлорасының қалыпты дамуын төмендетеді", - деді маман.

Қарабаеваның айтуынша, науқас әртүрлі бактерияға қарсы дәрілерді қабылдаса, кейіннен антибиотиктерге сезімталдық жоғалып, бактерияға қарсы дәрілер көмектеспейтін болады. Сонымен қатар ол науқастардың ауыр инфекциялық ауруларды емдеуге арналған антибиотиктерді, антикоагулянттарды пайдалануына болмайтынын айтты.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде