{metadescription}
Коронавирус мидың қабынуын тудыруы мүмкін

Коронавирус мидың қабынуын тудыруы мүмкін

Британия және Канада ғалымдары коронавирустың ауыр неврологиялық асқынуларға, соның ішінде мидың қабынуына әкелуі мүмкін екенін айтты.

Коронавирустың фонында инсульттан, жүйке жүйесінің зақымдануынан немесе мидың басқа да ауруларынан аман қалған COVID-19 бар 43 науқасты зерттегеннен кейін бір топ зерттеушілер осындай тұжырымға келген.  

"Бізде COVID-19 жұқтырған миллиондаған адам бар. Виустан жазылып шыққандар қалпына келмейтін ми ауруына шалдықса, бұл олардың жұмыс істеу қабілетіне және күнделікті өміріне әсер етеді", - деді канадалық нейробиолог Адриан Оуэн.

Агенттіктің мәліметінше, ғалымдар ми қабынуы бар тоғыз науқасты тексерді. Дәрігерлер оларға вирустық инфекциялар себеп болатын өткір энцефаломиелит (ADEM) диагнозын қойды.

"Дәрігерлер коронавирус тудыруы мүмкін неврологиялық аурулар туралы білулері керек, өйткені ерте диагноз қойсақ, болашақта пациенттердің жағдайын тез жақсарта аламыз", - деді зерттеу жетекшілерінің бірі Росс Патерсон.

Ғалымдар мәліметтерді жинау және COVID-19 туындаған неврологиялық асқынулардың қаншалықты кең таралғандығын бағалау үшін кең көлемді зерттеулер қажет екенін айтты.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде