{metadescription}
Ғалымдар қалай ұйықтауға болмайтынын айтты

Ғалымдар қалай ұйықтауға болмайтынын айтты

Бейжің оңалту ауруханасының қызметкері Лю Чунь ұйқының ең қауіпті позасын атады. 

Дәрігер бүйірге қарап ұйықтау әдеті омыртқаны қисайтып, адамның толық демалуына кедергі келтіретінін атап өтті. Бұл жағдайда бел бұлшықеттері қысылып, бірте-бірте икемділігін жоғалтады. Сондай-ақ бел омыртқасына теріс әсер етеді, сайып келгенде, арқадағы жайсыздық пен ауырсынуға әкеледі.

Лю Чуньның сөзіне сенсек, ішпен жату да қауіпті. Өйткені бұл позада мойын омыртқаларының жылжып, бұлшықеттер қысылады. Бұл мойын спондилезінің дамуына және белденің ауырсынуына әкеледі. Сонымен қатар, дәрігер омыртқаны қисайтып алмас үшін жоғары жастықта ұйықтамауға кеңес береді. Дәрігер демалуға көмектесетін және ұйықтауға ыңғайлы екі позаны сипаттады. Оның пікірінше, ең алдымен мойын омыртқалары бүгілмеуі үшін биіктігі бойынша оңтайлы жастықты таңдау керек.

"Екі аяғыңызға басқа жастықты қысып және тізеңізді 130 грудусқа бүгіңіз, ол омыртқаның бір көлденең түзу сызықта болуын, бұлшықеттердің толығымен босаңсуына көмектеседі", - деп түсіндірді дәрігер.

Лю Чунның бір жанына қарап ұйықтағысы келетіндерге қол мен аяқты тіреп тұратын тіреу қоюды ұсынды. Дәрігер жүрек ауруы бар адамдардың сол жақ бүйіріне қарап ұйықтамауы керегін қадап айтты.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде