{metadescription}
Жалақы 850 мың теңгеге жетеді: қандай мамандар қажет екені айтылды

Жалақы 850 мың теңгеге жетеді: қандай мамандар қажет екені айтылды

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы коронавирус инфекциясымен күресуде тұрғындардан көмек сұрап отыр.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық басқармасы  коронавируспен күресу үшін қандай мамандар жұмысқа алынатынын хабарлады.

"Біздің өңірде коронавирусқа байланысты жағдай қиындап отыр. Инфекциялық стационарларда медициналық қызметкерлер тапшы. Адамдардың өмірін сақтап қалу үшін көзге көрінбейтін дұшпанмен күресуде әр адамның көмегі маңызды", - деп жазылған Информбиржа хабарламасында. 

Сондықтан басқарма санитарлар іздеп жатқанын айтқан. Заңнамаға сәйкес, мұндай медициналық мекеме қызметкерлерінің жалақысы 64 698 теңге, І санаттағы еңбекті есепке алғанда жалақы 850 мың теңгеге жетеді. 

Қандай талап қойылады:

  • созылмалы аурулардың болмауы;
  • 22-45 жас аралығында;
  • сотталмаған, психикалық дертке шалдықпаған;
  • стресске шыдамды.

Байланыс телефоны: 8-775-817-37-23, 8-776-921-44-56.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.