{metadescription}
Алматы облысының бас санитар дәрігері көз жұмды

Алматы облысының бас санитар дәрігері көз жұмды

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қазір Қайрат Баймұхамбетовтың неден қайтыс болғанына қатысты ақпарат жоқ", - дейді ведомстводағылар. 

Қайғылы хабармен желідегі парақшасында Алматы облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет бөліскен болатын.

"Бүгін тікелей басшым Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды. Хабарды таңертең естідік. Мен ол кісіге алғыс айтып үлгермегеніме өкінемін. Жатқан жеріңіз жайлы болсын, Қайрат Қажыманұлы", - деп жазды Әлия Шағиахмет.

Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде