{metadescription}
Түрлі майлар коронавирус кезінде қауіпті болуы мүмкін

Түрлі майлар коронавирус кезінде қауіпті болуы мүмкін

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар бір-біріне емделу үшін қойдың құйрық майы мен ит майын пайдалануды ұсынып жатыр. 

Ресей Федерациясы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев мұндай тәсілдердің қаншалықты тиімді және қауіпсіз екенін айтты.

"Майды азық-түлік ретінде пайдалануға болады. Бірақ ол ештеңе емдемейді. Коронавирус кезінде зақым келтіруі мүмкін, себебі холестеринді, қанның басқа компоненттерін арттырады. Майлы өнімдер қанның қоюлануына әсер етеді", - деп түсіндірді Гриднев.

Ол коронавирустық инфекция кезінде науқастарға қан сұйылтуға арналған препараттар (антикоагулянттар) тағайындалғанын еске салды. Бұрын Киров атындағы әскери-медициналық академияның ресейлік мамандары коронавируста асқазан-ішек жолдарының аурулары кезіндегі диетаны сақтауды ұсынды.

КВИ-мен ауыратын науқастарға сүт, ащы тағамдар мен дәмдеуіштерді, майлы, тұздалған, ысталған тағамдарды, ұн және консервілерді пайдалануды қысқарту керек. Диетада жеңіл өнімдер - ботқалар, сүзбе, көкөністер, майсыз құс еті, балық, сондай-ақ бір күн бұрын піскен нан басым болуы керек.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде