{metadescription}
Қостанай облысында карантин шаралары күшейтіледі

Қостанай облысында карантин шаралары күшейтіледі

Локдаун режимі туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қаулысында жарияланды. 

2020 жылдың 11 шілдесі 00:00 сағаттан 2020 жылдың 13 шілдесі 00:00 сағатта  Қостанай облысы территориясында локдаун тәртібін орнату осыған байланысты:

1) тұрғындарға тұрғылықты жерлерінен далаға шығуға тыйым салу, мына жағдайлардан басқа:

  • жұмысқа шығу;
  • медициналық көмекке жүгіну;
  • өндірістік тауарларды сатып алу, дәрілік препараттар және медициналық бұйымдар тұрғылықты жеріне жақын жерлерден  немесе дәріханалар жұмысы және дүкендерден;
  • қоқыс шығару;
  • дачаларға бару;
  • үнемі күтімді қажет ететін, ауруларға және кәрілерге күтім жасау,
  • жануарларды серуендету;

2) барлық ойын және ойын-сауық түрлеріне тыйым салу;

3) қоғамдық көлік жұмысына тыйым салу (қала әкімдігіктерімен қозғалыс кестесін нақтылаумен дачалық маршруттардан басқа);

4) қоғамдық тамақтану объектілерінің, барлық сауда объектілерінің қызметін тоқтата тұру, азық-түлік өткізетін сауда объектілерінен басқа;

5) өткізетін сұрыпына қарамастан барлық сауда базарларының қызметін тоқтата тұру, азық-түлікті көтерме өткізетіндерден басқа;

6) скверлер, саябақтар, жағажайлар, оның ішінде тамақтану және сауда нүктелерінен басқа, территорияда орналасқан, сондай-ақ пляждар және демалыс базаларын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Осы қаулы күшіне 2020 жылғы 11 шілде  00:00 сағаттан бастап енеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде