{metadescription}
Тоқаев әйеліне 12 көлік әперген қор басшысын жұмыстан шығарды

Тоқаев әйеліне 12 көлік әперген қор басшысын жұмыстан шығарды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік желілерде дауға қалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловты жұмыстан босатуға тапсырма берді.

Ол, сонымен қатар, дәріні дұрыс жеткізе алмаған "СК Фармация" басшысы Берік Шәріпті де қызметінен кетіру қажеттігін айтты.

"Тергеу жүргізу керек. Қазіргі қиындықтарға кінәлі барлық адамды жауапқа тарту қажет. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" басшылары жұмыстан шығарылсын немесе тергеуге алынуы керек", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловтың жары, белгілі тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жақында күйеуі сыйлаған жаңа он екінші автокөлігімен мақтанып, пост қалдырғаны бар. Осыдан кейін басы дауға қалды. Онсыз да бұл қордың жұмысына қатысты сын көп болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде