{metadescription}
Мемлекет басшысы жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қозғады

Мемлекет басшысы жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қозғады

Тоқаев жаңа оқу жылына білім министрлігінің дайындығына қатысты күмәні бар екенін жеткізіп, қандай мәселелерге көңіл бөлу керектігін айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қозғады.

"1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Министрліктің дайындығына қатысты күмәнім бар. Балалар қашықтан оқи ма? Жоқ, әлде кәдімгідей сабаққа бара ма? Мұғалімдердің жаңа оқу жылына дайындығы қалай?", - деді Тоқаев үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында.

Осы орайда президент биылғы қашықтан оқыту тәжірибесін еске алды. Сол кезде инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты маңызды мәселелер анықталды. Мұғалімдердің 20 процентінде толыққанды интернет пен компьютер болмады. Соның салдарынан балаларды қашықтан тиімді оқыта алмады. Оқушыларды қажетті техникамен қамтамасыз ету шаралары ақсап тұр.

"Мектептердің балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы ғана іске жарады. Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде