{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев билікке жаңа кадрлар керектігін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев билікке жаңа кадрлар керектігін айтты

Қазір сапалы жаңа міндеттерді орындау үшін кадрларды іріктеу барынша маңызды міндетке айналады.

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

«Қазір сапалы жаңа міндеттерді орындау үшін кадрларды ірктеу барынша маңызды міндетке айналады. Жаңа бағдар білімді, табанды, бастамашыл, іскер әрі адал жаңа орындаушыларды көздейді», - деді ҚР Президенті.

Осы ретте Мемлекет басшысы бүгінгі Үкімет отырысына қатысқандар жоғарыда аталған критерийлерге сай келу-келмеуін ойлауы қажеттігін айтты.

«Енді ойланыңыздар: Осы жерде отырған команда аталған критерийлерге сай ма. Үкімет мүшелері, әкімдер өздерінің мүмкіндіктерін парасатты түрде бағалайды деп ойлаймын. Дегенмен, бізде өзін-өзі сынау және мемлекет пайдасы үшін шешім қабылдау қиындау», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, видеобайланыс арқылы өтіп жатқан жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылды.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындайтын міндеттер жөнінде Премьер-Министр Асқар Мамин, ақша-несие саясатына қатысты шаралар туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндама жасады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде