{metadescription}
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты

Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты

Президенттің айтуынша, бүгінде жаңа міндеттерді сапалы түрде орындайтын мамандар арқылы экономиканы халыққа қарай бұру қажет.

Қазіргі дағдарыс қоғамның орталық және жергілікті билікке сенімсіздікпен қарайтынын ашық көрсетті. Бұл туралы  үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

"Дағдарыс қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті, адамдардың орталық және жергілікті билікке деген сенімсіздігін, оған күмәнмен қарайтынын көрсетті. Бізге мемлекеттік басқаруды қайта құру қажет. Осы шара саяси реформаның бір бөлігі болады. Соның аясында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі айтарлықтай күшейеді", – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бүгінде жаңа міндеттерді сапалы түрде орындайтын мамандар қажет.

"Жаңа беталысқа жаңа орындаушылар керек. Білімді, батыл, бастамашыл, іскер және адал адамдар қажет", – деп атап көрсетті Тоқаев.

Осы орайда мемлекет басшысы дағдарыс жағдайында қалай жұмыс істеу керектігін ерекше атап өтті. Қазіргі кезде әрбір басшы жауапкершіліктен қашпай, барынша тиімді жұмыс жасап, тапсырманы шұғыл түрде орындап отыруы қажет. Бюрократияға жол берілмеуі шарт.

"Сонымен қатар, күмәнді стратегиялар мен бағдарламаларға ақша да, күш те жұмсауға құқығымыз жоқ. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігі мен тиімділігін көтеру үшін түбегейлі реформалар керек. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру, көміртекті көп қажет етпейтін технологиялар, экология, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға басымдық берген жөн. Бір сөзбен айтқанда, біз экономиканы халыққа қарай бұруымыз қажет", – деді президент.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде