{metadescription}
Елордадағы супермаркеттің бірінде пышақ ұстаған әйел жұртты шошытты

Елордадағы супермаркеттің бірінде пышақ ұстаған әйел жұртты шошытты

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабрлайды.

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы супермаркеттердің бірінде ойран салып, келушілерді пышақпен қорқытқан әйелдің видеосы тарады. Кадрлардан күйінген әйел жан-жағына пышақ сермеп тұрғанын көруге болады. Оны бірнеше ер адам сабырға шақырғысы келеді, бірақ бұл әйелді одан әрі ашуландырады.

«10 шілде күні сағат 18:00-де Самал шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйел қолына пышақ ұстап, келушілер мен қызметкерлерге былапыт сөздер айтқан және азық-түліктерді шашып, сөрелерді қиратқан», - деп атап өтті ведомстводан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл фактіні растады. 1990 жылғы сотталған әйел ұсталу кезінде полицейлерге қарсылық көрсеткен. Ол полиция басқармасына жеткізілді, қазіргі таңда тексеру жүріп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.