{metadescription}
Атырауда газ құю стансасында көлік жарылды

Атырауда газ құю стансасында көлік жарылды

Атырау облысында газ құю станциясының жанында өрт салдарынан көлік жарылды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға Мақат ауданында кеше болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне 10 шілдеде сағат 21:40-та «УАЗ» көлігінің өртенгені туралы хабар түсті. «Доссор-Атырау» тас жолының шыға берісінде орналасқан «Промгаз» газ құю стансасының қасында 2007 жылы шыққан автокөлік өртенді. Өрт кезінде көлік жарылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге «Семсер» және Мақат аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.