{metadescription}
Атырауда қараусыз қалған үй өртенді

Атырауда қараусыз қалған үй өртенді

Атырау қаласында иесі қараусыз қалдырып кеткен үй өртенді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт 11 шілдеде сағат 20:52-де болған.

«Атырау қаласының Ш.Еркінов көшесінде орналасқан жеке үй өртенді. Оның жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Үйді иесі қараусыз қалдырып кеткен», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге арнаулы қызметтің 12 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 22:00-де толықтай сөндірілді. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда газ құю стансасында көлік жарылған еді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.