{metadescription}
Қарағандыда дауыл салдарынан 19 жастағы қыз мерт болды

Қарағандыда дауыл салдарынан 19 жастағы қыз мерт болды

Қарағанды қаласында дауыл салдарынан 19 жастағы қыз суға батып кетті.

Қайғылы оқиға Топар су қоймасында болды. Оның денесін бірнеше сағаттан кейін Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тапты.

«Үрлемелі матрацпен жүзіп жүрген 2001 жылы туған қызды қатты жел екпіні жағадан алыс алып кеткен. Кейінірек оның денесін құтқарушылар судан алып шықты», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

12 шілде күні Қарағанды қаласында құйынды жел тұрып, салдарынан ондаған ғимараттың шатыры бүлінді, 50-ге жуық ағаш құлады, елдімекендер, соның ішінде ауруханаларда жарық сөнді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.