{metadescription}
Қалыңдық өз тойында шоктан көз жұмды

Қалыңдық өз тойында шоктан көз жұмды

Мәскеудің оңтүстігіндегі мейрамханалардың бірінде қалыңдық той кезінде көз жұмды.

Қайғылы оқиға сенбі, 11 шілде күні болған. Той уақытында қыз өзін нашар сезінген. Той қонақтары жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер  келіп, оған анафилактикалық шок диагнозын қойған. Зардап шегушіге дәрігер-реаниматологтардың екінші бригадасы келген. Реанимациялық іс-шаралар нәтижесіз болып, 25 жастағы қыз көз жұмды.

Мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиғаның себебі жаңғақ кәмпиттері болуы мүмкін. Алдын ала деректер бойынша, қыз бала кезінен жаңғаққа аллергиясы бар болса да, осындай кәмпиттердің бірнешеуін жеген. Банкетке тағамдар тапсырыс бергенде қыздың туыстары жаңғайқтың болмауын қадағалаған. Кейін белгілі болғандай, үстел үстінде жаңғақтың бөліктері болған кәмпиттер болғаны анықталды. Марқұмның туыстары, қыздың кәмпиттердің бірнешеуін жегенін, содан соң тұншыға бастағанын айтты. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.