{metadescription}
Мемлекет басшысы көз жұмған екі дәрігерді марапаттады

Мемлекет басшысы көз жұмған екі дәрігерді марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көз жұмған екі қазақстандық дәрігерді марапаттады. 

Ақорда сайтының мәліметінше мемлекет басшысы Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін, қызметтік міндеттерін орындау барысында көрсеткен жанқиярлығы үшін ең жоғары дәрежедегі  «Қазақстан Еңбек Ері» атағын «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордендерін табыстауға шешім қабылдаған.  

Олег Николаевич Исаев (қайтыс болғаннан кейін) - Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көп салалы ауруханасы» мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің бөлім бастығы, Козбагаров Қалихан Есбосынұлы (қайтыс болғаннан кейін) - «Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік клиникалық ауруханасының бас дәрігері көз жұмғаннан кейін, марапатқа ие болды. 

Аза тұту күнін жариялай отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық отандастарды қазақстандықтардың басына түскен сынаққа қарсы тұрып, қайсар, сабырлы болуға, әр іске жауапкершілікпен қарауға шақырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.