{metadescription}
Мемлекет басшысы індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды

Мемлекет басшысы індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды

Ақорда резиденциясының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен қаза тапқан азаматтарды құрметпен бір минут еске алды.

Еске алу рәсіміне ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев және де еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары қатысты. Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтті. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетілді.

Айта кетейік, елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде– Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын мәлім еткен болатын. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы 9 шілде күні қол қойды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.