{metadescription}
Алматыда қалалық соттың судьясы көз жұмды

Алматыда қалалық соттың судьясы көз жұмды

Алматыда Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Набиев кенеттен қайтыс болды.

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті. 

"Кеше, 12 мамырда 62 жасында Алматы қалалық сотының судьясы Набиев Тұрсын Ясинұлы қайтыс болды. Алматы қалалық сотының басшылығы, соттар әкімшісі, судьялар одағының Алматыдағы филиалы және жалпы Алматы соттарының судьялары атынан отбасы мен барлық туыстарына көңіл айтамын", - деп жазды желідегі парақшасында Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарқылқасын.

Сонымен қатар, қалалық соттың баспасөз қызметі бүгін Алматы қалалық соты залалсыздандыру үшін жабылды деп мәлімдеді.

"Сот бір күн бойы жабық болды, барлық бөлмелер толықтай дезинфекциялануы керек. Бүгінгі барлық процестер кейінге қалдырылды, келесі процестердің күні кейінірек жарияланады", - деді баспасөз қызметі.

Набиев Тұрсын Ясынұлы 1958 жылы 3 желтоқсанда дүниеге келді. Ол 62 жасына қараған шағында көз жұмды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.