{metadescription}
Қазақстанда карантин тағы екі аптаға созылады

Қазақстанда карантин тағы екі аптаға созылады

Қазақстанда карантин шілде айының соңына дейін ұзартылатыны хабарланып отыр.

Ол тағы екі аптаға жалғасатын болады. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады.

"Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Президент қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалатынын айтты.

"Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор", - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 5 шілдеде екі апталық карантин енгізілген болатын. Оның ұзартылуы мүмкін екені хабарланған еді. Бұған дейін президент полиция мен санитарлық дәрігерлер карантин шараларының қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек екенін айтты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.