{metadescription}
Бірінші сынып оқушылары ата-аналарының қалауы бойынша мектепке бара алады

Бірінші сынып оқушылары ата-аналарының қалауы бойынша мектепке бара алады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналардың қалауы бойынша бастауыш сынып оқушылары мектепке бара алатынын айтты.

Ол үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Баланың мектепке барып бармауы ата-ана тарапынан шешілетін болады. 

"Біз ата-аналарға жазбаша өтініш бойынша бастауыш мектепте кезекші сыныбын ұйымдастыруға мүмкіндік береміз. Бұл үшін ата-аналар қауіп-қатерге қарамай, балалары сабаққа барғанын қалайтындығын мәлімдеуі керек. Егер осындай тілектер болса, біз мұндай мүмкіндік береміз. Санитарлық талаптарға сәйкес арнайы шаралар ұйымдастыратын боламыз" , - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

Ол мұндай жағдайларда оқу бірнеше ауысым бойынша өтетінін, ал бір сыныпта 10-15 баладан артық отырмайтынын айтты. Оған қоса, барлық пәндерге бір мұғалім болатындығын жеткізді. Алайда сабақтың бір бөлігі әлі де онлайн режимінде өтуі керек.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде