{metadescription}
Ақмола облысында жүгіруге шыққан 14 жасар қыз іздестірілуде

Ақмола облысында жүгіруге шыққан 14 жасар қыз іздестірілуде

Жоғалған қызды отбасы мүшелері өздері күні бойы іздеп, нәтижесіз болған соң полицияға жүгінген.

Ақмола облысының Шортанды ауданында 2004 жылы туған қызды іздеуге екі жүзге жуық адам жұмылдырылды. 14 жастағы қыздың жоғалып кеткенін құтқарушыларға полицейлер хабарлады.

"2004 жылы туған жасөспірім үйден 12 шілде күні таңғы алтыда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Әзірге оның қайда екендігі беймәлім", - делінген Ақмола облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хабарламасында.

Жоғалған қызды отбасы мүшелері өздері күні бойы іздеп, нәтижесіз болған соң полицияға жүгінген, деп жазады sputniknews.kz.

"Жоғалған қыздың анасы оның Шортанды ауылындағы стадионға таңғы алтыда жүгіруге кеткенін айтты. Қырық минуттан кейін ұялы телефоны сөніп қалған", - дейді Шортанды ауданындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімше бастығының міндетін уақытша атқарушы Еламан Әзімбаев.

Құтқарушылар мен полицейлер, еріктілер мен аудан тұрғындарынан құралған 200-ге жуық адам қызды іздестіруде. Қосымша иісшіл иттер мен сүңгуірлер де жұмылдырылды. Ал олар Көкшетау қаласынан шақырылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.