{metadescription}
Қостанай облысында 35 жастағы жігіт өзенге батып кетті

Қостанай облысында 35 жастағы жігіт өзенге батып кетті

Қостанай облысы құтқарушылары 35 жастағы ер адамның денесін судан алып шықты.

Оқиға Қарабалық ауданының Шадықсай ауылынан үш шақырым жерде болған. Құтқарушылар Үй өзенінен 35 жастағы ер адамның денесін алып шыққан.

«Дәл осы күні жергілікті ТЖ бөлімінің қызметкерлері ірі ауылшаруашылық кәсіпорнының мамандарының қатысуымен жиналыс өткізді. Отырысқа қатысушылар өрт қауіпсіздігі, су объектілері мен ормандағы қауіпсіздік мәселелерін қарастырды. Бірақ, мамандардың нұсқаулығына қарамастан ер адам отбасымен демалыста жүргенде шомылу кезінде батып кеткен. Оқиғаның мән-жайлары анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.