{metadescription}
Қазақстанға Үндістан мен Ресейден дәрі-дәрмек жеткізіледі

Қазақстанға Үндістан мен Ресейден дәрі-дәрмек жеткізіледі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брфинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.

«Қазақстан аумағында парацетамол да, құрамында парацетамол бар препараттар да тіркелген. Олар дәріханаларда қолжетімді. Бұған қоса «С» дәрумені бар пакеттерде парацетамол шығаратын отандық өндірушілер бар. Бұл препарат бөлшек сауда желісінде сатылады. Бұдан бөлек мониторинг аясында анықталған қажетті барлық дәрі-дәрмектерді жеткіземіз. Бүгін Үндістаннан, Делиден борт келеді. Болжамға сәйкес, ол бүгін түнде Алматыға жетеді. Ертең борт Ресей Федерациясына және жұма күні қайтадан Делиге аттанады», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, бөлшек сауда желісі кәсіпкерлік субъектілерге жататын жеке меншік 8 мыңнан астам дәріханадан тұрады. Олардың өтінімдерін ешкім, оның ішінде «СК-Фармация» да тексермейді. Олар өздерінің болжамдарына және сату көлемдерінің негізінде дәрі-дәрмектерді көтерме дистрибьюторлардан сатып алады.

«Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуы аясында отандық өндірушілерден 59,8 млрд теңге сомасына және импорттық өндірушілерден 154,3 млрд теңге сомасына дәрі-дәрмек сатып алынды. Барлық препараттар кепілді тегін медициналық көмек көрсететін стационарлар мен емханаларға жеткізіледі», - деді Людмила Бюрабекова.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.