{metadescription}
Той ұйымдастырғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Той ұйымдастырғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Әділет министрі Марат Бекетаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында карантин кезінде той ұйымдастырғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, той өткізетін адамдар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы ("халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саладағы заңнама талапбын бұзу") бойынша жауапқа тартылады. 

"Бірінші рет болса, шамамен, 83 000 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ондай шара адамдардың ауруға жаппай шалдығуына себеп болса, айыппұлдың көлемі әлдеқайда көп болады. Тіпті, оқиғаның салдары болса, қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін ", - деді Бекетаев бүгінгі онлайн брифингте.

Сонымен қатар, Марат Бекетаев бұл шаралар жеке меншік үйдің аумағында той жасағандар үшін де қолданылатынын ескертті. Айта кетейік, қазіргі карантин кезінде кодекстің 462-бабы да қолданылады. Оған сәйкес, жеке тұлғаларға – 3-7 АЕК (1 АЕК - 2 778 теңге) , лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10-200 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20-300 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50-400 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде