{metadescription}
Қостанай облысында саяжай өртеніп, ер адам көз жұмды

Қостанай облысында саяжай өртеніп, ер адам көз жұмды

Лисаков қаласындағы саяжайда өрт шығып, бір адам қаза болды.

Қостанай облысы ТЖД кезекші бөліміне Лисаков қаласындағы саяжайлардың бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнына ТЖД жеке құрамының 5 қызметкері және 1 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер келген сәтте саяжай үйінің 20 шаршы метр аумағы жанып кеткен. Өртенген үйдің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Оның 42 жастағы Лисаков қаласының тұрғыны екені анықталды», - делінген хабарламада.

ТЖД қызметкерлері жазда от жаққан кезде барынша сақ болуға шақырады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде