Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандықтар 1 қыркүйекке дейін 42 500 теңге алуға өтініш бере алады
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты.
16:47 16.07.2020
Құжат тапсыру мерзімінің ұзартылғаны туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтып берді. Оның сөзінше, екі ай аралығында еркін өтініш беріп, қажетті өтемақыны алуға болады.
"Біржолғы төлем қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табыстан толық айырылу фактісі жоқ адамдарға, жұмыс берушінің, жеке кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғаның қызметі қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуімен шектелмеген жағдайда төленбейді", - деді ол.
Нұрымбетов толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға біржолғы төлем алушының жоғалған табысы қалпына келтірілген жағдайда тағайындалмайтынын айтты.
"Бұл төлем біржолғы, яғни шілде айына ғана төленеді. Алайда, өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады", – деді Біржан Нұрымбетов.
Оған қоса, бірнеше рет өтініш берудің қажеті жоқ. Жүйеге тек бір рет қана тіркеліп, қажетті төлемді алуға болады.
"Сіздерге үлкен өтініш, құрметті қазақстандықтар, бір ғана өтініш беру. Оны екі рет, үш рет, одан көп мәрте бермеуді сұраймыз және әр порталға бір-бір өтініштен тастамауды сұраймыз, оның қажеті жоқ. Бәрібір екінші өтінішіңіз өтпейді. Бірақ ол өз кезегінде, керісінше, порталдарға салмақ салуы мүмкін және басқа азаматтардың өтініш беруіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан бір рет қана өтініш тастаңыздар, сіздерге хабарлама келеді "сіздің өтінішіңіз қабылданды" деп. Содан кейін ертесінен бастап enbek.kz өздеріңіздің статустарыңызды көріп отырасыз", - деп өтінді Біржан Нұрымбетов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram