{metadescription}
Бостондағы жарылыс: Джохар Царнаевқа қатысты өлім жазасы күшін жойды

Бостондағы жарылыс: Джохар Царнаевқа қатысты өлім жазасы күшін жойды

АҚШ-тың апелляциялық соты 2013 жылы Бостон марафонында жарылыс жасады деп өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевқа қатысты сот шешімінің күшін жойды.

27 жастағы Царнаев өмір бойы түрмеде отырады, алайда сот оны өлім жазасына кесуге қатысты тағы да бір сот процесін өткізбек.

"Джохар Царнаевқа қатысты өлім жазасы 4, 5, 9, 10 және 14-ші тармақ бойынша тоқтатылды, іс үкім шығару бойынша жаңа процесті жүргізу үшін аймақтық сотқа берілді", - делінген соттың үкімінде. 

Еске салайық, 2015 жылдың басында Джохар Царнаев Бостондағы үш адам қаза тауып, 260 адам жарақат алған лаңкестікке байланысты айыпты деп танылған болатын. 15 мамырда алқа соты оны өлім жазасына кескен болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде