{metadescription}
Коронавирусты 17 миллионнан астам адам жұқтырды

Коронавирусты 17 миллионнан астам адам жұқтырды

Covid-19 жұқтыру жағдайларының саны соңғы тәулікте рекордтық көрсеткішке, 292,5 мыңға жетті.

Мұндай көрсеткішті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеді. Бұл туралы ұйымның сайты хабарлайды. Күндіз 253,7 мың адам ауру жұқтыру жағдайы анықталды. Әлем бойнша коронавирус инфекциясына шалдыққандардың жалпы саны 17,1 млн. Қауіпті вирустан 668 мың адам көз жұмған.

Covid-19 пандемиясы басталғалы ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Солтүстік және Оңтүстік Америкада (9,1 млн адам) және Еуропада (3,3 млн адам) тіркелген. Әлемде ауру жұқтырғанджар саны бойынша үшінші орында Оңтүстік-Шығыс Азия тұр. Мұнда 2 миллионнан астам адам коронавирус індетіне шалдыққан.

Жалпы жекелеген елдер бойынша Covid-19 жұқтырғандар саны жөнінен АҚШ 4,3 млн адам) көш бастап тұр. Екінші орында Бразилия (2,5 млн адам), үшінші орында Үндістан (1,6 млн адам) тұр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде