{metadescription}
БҚО тұрғыны бас үйтемін деп күйіп қалды

БҚО тұрғыны бас үйтемін деп күйіп қалды

Батыс Қазақстан облысында тұрғын қойдың басын үйтемін деп жүріп күйіп қалды.

БҚО Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 31 шілде күні сағат 20.10-да Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында болды. Комсомол көшесі 62Б-мекенжайында тұратын 1956 жылғы тұрғын газ баллонының көмегімен қойдың басын үйіткен. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау салдарынан баллонның шлангісі шығып кетіп, ер адам 2-3 дәрежелі күйік жарақатын алған. Аяқтары, арқасы, кеудесі, беті күйген.

Денесінің 50 пайызын күйік шалған тұрғын қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, денесінің 50-55 пайызын күйік шалған ер адамның жағдайы ауыр. Дегенмен есін біледі, сұрақтарға жауап береді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде