{metadescription}
Үш күн бойы жүрегі соқпаған қыз өлімнен аман қалды

Үш күн бойы жүрегі соқпаған қыз өлімнен аман қалды

23 жастағы қытайлық бойжеткен жүрегі тоқтаған кезде өмірімен қоштаса жаздаған.

Бірақ дәрігерлер мен заманауи технологиялардың арқасында қыз тірі қалды. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, бойжеткен өз денсаулығына мүлде қарамаған екен. Түнде ұйқысыз жүрген оның иммунитеті қатты әлсіреген. Осының кесірінен қызға шілде айының ортасында суық тиіп қалған. Бұл фульминантты миокардитке айналып, өз кезегінде кардиогенді шок тудырған.

Қыздың жүрегі соғуын тоқтатқан. Бұл жағдай он жыл бұрын орын алса, бойжеткенді өлдіге санайтын еді. Бірақ қытайлық дәрігерлер шешімін тапқан. Қанды оттегімен қанықтыру үшін қызды ЭКМО аппаратына қосқан (экстракорпоралды мембраналық оксигенация). Бұл жүрек қызметін қамтамасыз етуге және тыныс алуға көмектескен. Дәл осы жағдайда пациент үш күн бойы жатқан және осы уақыт ішінде ол есін біліп жатқан. Тіпті, достарына хабар жіберіп, дәл қазір қандай ғажайып жағдайда жатқанын айтып мақтанған. 

Қытайлық бойжеткен туралы жаңалық Азияның барлық әлеуметтік желілерінде тез тарап, профилактикалық әсер еткен сияқты. Желі қолданушылары енді уақытылы ұйықтайтындарын жазған. 

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде