Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев Жақсылық Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты
Бүгін 70 жасқа қараған шағында Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болғаны хабарланды.
19:00 02.08.2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемге танымал даңқты палуан, Олимпиада чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның Еңбек Ері, белгілі кәсіпкер Жақсылық Үшкемпіровтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады. Президент Жақсылық Үшкемпіровтің елімізде спорт саласының кең қанат жаюына атсалысып, жастарға үлгі болғанын айтты.
"Өңірлерді өркендету мақсатында спорт кешендерін салып, жас спортшылардың өсіп-жетілуі және ауыл шаруашылығының дамуы жолында қыруар іс атқарды. Еселі еңбегімен, азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленіп, соңында өшпес із қалдырды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", — делінген жеделхатта.
1980 жылы Мәскеу Олимпиадасынан кейін Жақсылық Үшкемпіровтің есімі қазақстандық спорт тарихында алтын әріптермен жазылды. Ол - Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Танымал спортшының қайтыс болу себебі айтылған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram