{metadescription}
Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне отбасы мүшелері ғана қатысады

Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне отбасы мүшелері ғана қатысады

Пандемияға байланысты және адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін Жақсылық Үшкемпіровті ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне отбасы мүшелері ғана қатысады.

«Жерлеу рәсімі тек отбасы мүшелерінің қатысуымен ғана өтеді. Ал оны еске алуға арналған іс-шаралар бір жылдан кейін ұйымдастырылады», – делген хабарламада.

Еске салайық, тамыздың екісі күні 70 жасқа қараған шағында, грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпiров өмірден озды.

1980 жылы Мәскеу Олимпиадасынан кейін Жақсылық Үшкемпіровтің есімі Қазақстанның спорт тарихында алтын әріптермен жазылды. Ол –грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Спортшының қазасына байланысты Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде