{metadescription}
Павлодар облысында әкесі ұлымен бірге суға батып кетті

Павлодар облысында әкесі ұлымен бірге суға батып кетті

Жергілікті тұрғындар Ертіс өзеніне батып кеткен 22 жастағы жігіттің денесін судан алып шықты.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткен.

«1 тамыз күні Ертіс өзенінің Сынтас ауылынан бес шақырым жердегі жағалауында отбасымен бірге демалуға келген әкесі мен ұлы суға батып кетті», - дейді департаментте.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел құтқару жасағының сүңгуірлер тобы 1973 жылы туған үй иесін іздеу жұмыстарын әлі жалғастырып жатыр. ТЖД аймақ тұрғындары мен қонақтарына облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің №8 қаулысының 10-шы тармағына сәйкес өңірдің қоғамдық жағажайларының қызметіне тыйым салынғанын еске салады. Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде рейдтер жүргізеді. Ресми коммуналдық жағажайлардың карантин кезінде жабылуына байланысты облыс орталығының тұрғындары Усолка өзенінің сол жағалауында, Ертістің жылы ағысында, шоферлер жағажайында, «Зеленая роща» демалыс базасының жанында шомылуды әдетке айналдырды. Бұл орындар шомылуға тыйым салынған және мұнда шомылу өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Дереккөз: Рavlodarnews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.