{metadescription}
Сәкен Сәрсенов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Сәкен Сәрсенов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Сейтжаппарұлы Сәрсенов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сәкен Сәрсенов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Маятас ауылында дүниеге келген.

2000 жылы Мәскеу мемлекеттік авиация институты "ақпаратты өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйелері" мамандығы бойынша, 2011 жылы Еуразия гуманитарлық институтын "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің қызметкері болып бастаған.

2000-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы" РМК ақпаратты қорғауды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;

2003-2008 жылдары - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Онда Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды және электрондық үкімет инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жобаларды іске асыру және дамыту, сондай-ақ ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу мәселелерімен айналысқан.

2008-2009 жылдары "Қазақтелеком" АҚ электрондық қызметтер жөніндегі басқарушы директоры болып қызмет еткен. "Қазақтелеком" АҚ жаңа бизнес - жобаларын дамыту мәселелерімен (Казнетте жаңа интерактивті және транзакциялық сервистерді құру), сондай-ақ Қазақстан Республикасында электрондық білім беру жобасын іске асыру мәселелерімен және мобильді Wimax технологиясы базасында желіні құрумен айналысқан;

2009-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары болды;

2010-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің вице-министрі;

2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі;

2014 жылы - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы;

2015-2016 жылдары  Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;

2016-2017 жылдары - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі;

2017-2020 жылдары -  "Қазпочта" АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.